14.05.2024
10:20
3570
«Қан анализінің нәтижесі шықты». Бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібек туралы тың дерек шықты

«Қан анализінің нәтижесі шықты». Бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібек туралы тың дерек шықты

Еуропада өсіп, Қазақстандағы биологиялық анасын іздеп жүрген Мұрат (Жәнібек) Савельев туралы тың дерек шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы журналист Қымбат Досжан әлеуметтік парақшасында жазды.

8 әйелдің анализі нөл пайыз шықты. Қалған екеуінің қан нәтижесін бүгін күтеміз, - деп жазған журналист.

Айта кетейік, Жәнібектің қазіргі құжатында ЭддиЖан деп жазылған. Ұлты – қазақ, 2002 жылдың 17 қаңтар күні Арқалық қаласында дүниеге келген. Ол қазір Испанияның Мальорка аралында тұрады. Асырап алған отбасы оған еуропаша білім беріп өсірген.