04.05.2023
22:23
1544
Қамшыбек Қоңқабаев әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Қамшыбек Қоңқабаев әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Ұлттық құрама сапындағы тәжірибелі боксшының бірі Қамшыбек Қоңқабаев әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аса ауыр салмақтағы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері және әлем чемпионатының 2 дүркін жүлдегері атанған отандасымыздың қарсыласы жастар арасындағы 2021 жылғы әлем чемпионы ресейлік Алексей Дронов болған. Тартысты кездесуде Қамшыбек өзінің шеберлігін паш етіп, келесі айналымға шықты. 

Енді ол бітіспес қарсыласы – Токио Олимпиадасының чемпионы, жарыс қожайыны Баходир Жалоловпен күш сынасады.

Айта кетейік, Әлем чемпионатында жеңілген Санатәлі Төлтаев жанкүйерлерден кешірім сұраған еді.