«Қалыңмалды қайтар»: Астанада күйеуі әйелін сотқа берді

10 Қыркүйек, 12:50 1190

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ерекше іс қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сотта күйеуі үйлену тойын өткізу кезінде достары мен туыстары жұбайына 5 млн теңге және 1 млн теңге тұратын гауһарлы әшекейлер (сырға мен сақина) мен неке жүзігін бергенін айтқан. Ол осы мүліктер мен ақша қайта бөлінуі керек деп шағымданып отыр.

Күйеуі әйелінің бұл ақша мен зергерлік бұйымдарды заңсыз иемденді деп уәж келтірген. Жауапкер талапты мойындамаған.

Сот іс материалдарын зерделеп, тараптарды тыңдап, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады.

Себебі, істі қарау барысында сыйға берілген 5 млн теңгені алу фактісі құжатпен расталмаған, сондай-ақ аталған қаражатты жауапкердің иемденіп алғаны дәлелденбеді. Зергерлік бұйымдарға келетін болсақ, ол қалыңдыққа некеге дейін берілген, сондықтан бұл оның жеке меншігі, сол себепті ол бөлісуге жатпайды, – делінген сот хабарламасында.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: