Қалың түтінге байланысты Семей маңындағы ауыл тұрғындары көшірілді

11 Маусым 2023, 23:19 753

Абай облысындағы алапат өртке байланысты Бұлақ ауылының тұрғындары эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.   

Қалың түтін Семей қаласының Бұлақ ауылының тұрғындарын эвакуациялауға негіз болды. Тұрғындар эвакуацияланып, азық-түлікпен және бірінші кезекте қажетті заттармен қамтамасыз етілген эвакуациялық пункттерге орналастырылды, - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Абай облысындағы алапат өртке байланысты Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялау туралы өкімге қол қойғаны туралы жазған болатынбыз. 

Перизат Саденова
Бөлісу: