"Қалай ән айтып жүрсіз?". Әнші, актриса Сара Амангелді елден жасырған дертін айтып, жылап қалды

29 Тамыз 2023, 15:51 13632

Белгілі әнші, актриса Сара Амангелді әлеуметтік желіде көрінбей кеткеніне не себеп болғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әншінің бала кезінен құлағы ауыратыны белгілі болды.

Кішкентай кезімнен құлағым ауырады. Екі рет ота жасалды, сонда да әлі ауырады. Онсыз да дұрыс естімеймін. Сол үшін намыстанып жылаймын. Дәрігерім "Қалай ән айтып жүрсіз" деп таңғалады. Сәл құлағым ауырса, қатты күйзеліске түсіп кетемін. Естімей қаламын деп қорқамын. Әлеуметтік желіден көрінбей кетуімнің себебі осы, - деп жазды Сара Амангелді.

Сара Амангелді осы сырқатының кесірінен тұрмысқа шыға алмай жүргенін де жасырмады.

Мен кішкентай кезімде “Ертең мен нашар естісем күйеу алмайтын шығар” деп жылайтынмын. Кейін араласып жүрген жігіттер менде осындай проблема барын білгенде, бірден өзгеріп, өтірік сылтауратып, ұрысып кетіп қалатын. Не үшін екені белгілі шығар… “Ертең сенен туған бала сен сияқты бола ма?” деп айтқандар да болды, – деп жазды әнші.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: