9 маусым күні Түркияның Маниса қаласының мэрі Ферди Зейрек тоқ соғып қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
BAKU.WS деректеріне сүйенсек, бұл туралы Түркияның денсаулық сақтау министрі Кямал Мемишоғлу X әлеуметтік желісінде жазған.
Оқи отырыңыз:
Маниса мэрі Ферди Зейрек жазатайым оқиғадан кейін ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жеткізілді, дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін бары күшін салды, алайда ол мүмкін болмады. Оның отбасына, сондай-ақ оны таныған және жақсы көрген баршаға қайғырып көңіл айтамын, – деп жазды министр.