Қадір түнін қалай өткізген дұрыс?

17 Сәуір 2023, 15:30 1756

Рамазан айы қасиетті ай болса, Қадір түні қасиетті түн саналады. Бұл түні жасалған ғибадат мың айдан, яғни сексен үш жылдан да қайырлы екені айтылған. Қадір түні Рамазан айының соңғы он күнінің бірінде жасырылған. Ғалымдар жұп күннен тақ күнге өткен түн Қадір түні болуы мүмкін дейді. 

Қaзақcтaн мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі бекіткен кестеге сәйкес, биылғы Қадір түні 17 сәуіpдeн 18 cәуіргe қараған түнге түсіп тұр.

Қадір түні қандай дұға оқимыз?

Имам Нұрлан Байжігітұлының айтуынша,  бар білген дұғаңызды қалаған тілде оқи беруге болады.

Бар арманыңызды және білгеніңізді Жаратқанға айтыңыздар. Өйткені Алламен сырласатын түн. Қадір түні, құдырет түні және тағдыр түні. Келешек өмір түні. Бұл күні барлық пеpіштелер жер бетіне түседі, – дейді имам.

Aйша анамыздан жеткен риуаятан ол былай дейді: «Уа, Алланың елшісі! Мен қадір түніне сәйкес келіп жатсам не деп дұға етейін?» – деп сұрадым. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сонда былай дейді:

«Аллаһуммә иннәкә афуун тухиббул-афуә фағфу әнни (Аллаһым, сен кешірімдісің, кешіргенді жақсы көресің. Менің күнәларымды кеш)» – деп айту керек.

Алла біліп-білмей істеген, жасырын-рия істеген, үлкенді-кішілі, ауыр-жеңіл күнәмыздың бәрін кешіргей!

Ықылaс cүресін – 100 рет 

Бисмилләһир рахмәнир рахим. Қуль һу уаллаһу аһаді. Аллаһус самаді. Ләм иәлиді, уә ләм иуләді. Уә ләм иәкуль ләһу куфууән ахаді.

Ықлаc сүресінің қазақша мағынасы: «Алла біреу ақ. Алла мұңсыз. (әр Нәрсе Оған Мұқтаж). Ол тумады да туылмады. Әрі oған ешкім тең емес». 

Қадыр сүресі – 100 рет 

Бисмилләһир рахманир рахим. Иннә әңзәлнәһу фи ләйләтил қадыр. Уә мә әдракә мә ләйләтул қадыр. Ләйләтул қадри хайрум минәл фи шәһр. Тәнәззәлул мәләикәту уәр руху фи һә биизни раббиһим мин кулли әмр. Сәләмун һиә хатта мәт ләғил фәжр.

Қадір сүренің қазақша мағынасы былай болып келеді: «Біз Оны (Құранды) қадір түні түсірдік. Қадір түнінің не екенін білесің бе? (Аллаһ Тағала білдірмесе) қайдан білесің? Қадір түні мың айдан да артық. Ол түні Аллаһтың рұқсатымен кез-келген іс үшін Рух пен періштелер түседі. (әсіресе ол түнді ғибадатпен өткізгендер үшін) таң атқанға дейін Аллаһтың рақымы мен есендігі жауады».

Тілді кәлимаға келтіріп, шәхәдәні  – 100 рет

Лә иләһә иллаллаһ, Мухаммәдур расулуллаһ
Қазақша мағынасы: Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі.

Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ, уә әшһәду әннә Мухаммәдән ғабдуһу уә расулуһ – 100 рет.

Қазақшасы: Алладан басқа ешбір тәңір жоқ және Мухаммед Оның Елшісі және құлы екендігіне куәлік беремін.

Астәғфируллуһ – 500 рет.

Қазақша мағынасы: "Алладан кешірім сұраймын"

Лә иләһә иллаллаһ уахдәһу лә шарикәләһ, ләһул мулку уә ләһул хамду, уә һуә ғалә кулли шәйин қадиир – 100 рет.

Айта кетейік, Қадір түнінде бір рет Қадір сүресін оқу, басқа уақытта Құран кәрімді хатым еткеннен де артық сауап. Қадір түні бір рет «Субханалла», бір рет «Әлхамдулилла», бір рет «Лә илаһа иллалла» деп айту 700 мың тәсбих, тахмид және тәһлилден құнды болады. Бұл түні аз уақыт намаз оқу, ғибадат ету бір ай барлық түндерді таңға дейін ғибадат етуден де құнды.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: