Қабатовтың әйелі қызының ҰБТ дауына қатысты шындықты айтты

2 Мамыр 2023, 09:32 10270

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова тұңғыш қызы Мөлдірдің ҰБТ дауына қатысты мәселенің анық-қанығын жеткізді. Бұл туралы ол «Қыздар-ай» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Иә, дау болды. Оның бәрі – аяқтан шалу. Қателік ҰБТ-ға дайындаған орталықтан екені рас. Орталық атын шығарғысы келді. «Тұрсынбек Қабатовтың қызы грантқа түсті, біздің орталықта оқып шықты» деген атақ керек болды. Мен сол уақытта бәріне дайын едім, мені намыс өртегені соншалық, «бір ауыз ескертпедің бе, басқаша шешуге болар еді ғой деп ойладым». Олар бәрі «гладко» (жеңіл) өтеді деп санады, - дейді Мөлдір Мұқанова.

Ол қызын әу бастан Дубайға оқуға түсіруді көздеген. Сондықтан Біріккен Араб Әмірліктерінде оқу үшін ҰБТ керек емес деп отыр.

Ағайлары алдап-арбап сөйлескен. Бала балалықпен көне берген. Біздің қателік – мән бермегеніміз. Халықтың сөзі жүрегімізге тиді, жыладық, бірақ ақиқатты білеміз, - дейді Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы.

Айта кетейік, 2021 жылы  Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемі Аманғалидың орнына ҰБТ-да тест тапсыруға басқа адам кірген болатын. Оны сол кезде ең алғаш заңгер, қазіргі Мәжіліс депутаты Абзал Құспан хабарлаған еді. Кейін өнер адамы бұған отбасының қатысы жоқ екенін, бәрін тестке дайындайтын орталық ұйымдастырғанын мәлімдеді. Осы іс бойынша «Центр образования 140+1»  басшысы Нұрбек Қанай кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шыққан болатын.

Алмас Абылай
Бөлісу: