Пышақпен қорқытқан жолаушыдан құтылу үшін таксист полиция көлігін соқты

11 Қаңтар, 10:14 1447

Қостанайда такси жүргізушісін пышақпен қорқытқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Қостанай облысының полиция департаментінің хабарлауынша, 6 қаңтардан 7 қаңтарға қараған түні Рудный қаласының екі тұрғыны облыс орталығына таксимен барған. Жолаушылардың бірі қалаға кіре берісте такси жүргізушісінің мойнына пышақ тақап, ақша талап етіп, оны басқа елді мекенге жеткізуді талап еткен.

Такси жүргізушісі полицейлердің қызметтік көлігін көріп, назарын аудару үшін әдейі соқтығысқан. Осы кезде күдікті оқиға орнынан жасырынуға тырысқанмен, көп өтпей ұсталды.

«Тонауға оқталу» қылмыстық іс фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: