Путинцева Монреальдағы турнирдің екінші айналымына шықты

9 Тамыз 2023, 09:18 885

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева WTA-1000 турнирінің бірінші айналымында америкалық Бернарда Пераны жеңді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Монреальдағы ойын тағдыры екі сетте шешілді - 6:3, 6:4. Осылайша ол жарыстың екінші кезеңіне шықты.

Келесі кезеңде еліміздің екінші ракеткасы АҚШ өкілі Джессика Пегуламен кездеседі. Пегула қазақстандық Елена Рыбакинаны әлемдік рейтингтің үшінші сатысынан сырғытқан болатын.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: