Ресей президенті Владимир Путин Грозныйда ашылған жаңа мешітке құран сыйлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Путин Шешенстанға жұмыс сапарында Иса пайғамбар атындағы мешітке барды. Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров екеуін мешітте ШР басшысының кеңесшісі мен мүфти күтіп алды.
Ресей президентіне Кадыров пен мүфти Шешенстанның құрметті азаматының куәлігін берді. Ал Путин өз кезегінде мешітке Құран сыйлады. Сонан соң Путин Құранды қолына алып, қасиетті кітапты сүйді.