Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерРесей Федерациясының президенті Владимир Путин Украинамен бейбіт келіссөздерді қайта бастауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол 11 мамыр күні түнде Кремльде жасаған ресми мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Путиннің айтуынша, келіссөздер ешқандай алдын ала шарттарсыз 15 мамыр күні Түркияның Ыстамбұл қаласында өтуі мүмкін.
Келіссөздер барысында жаңа бітімге келу мүмкіндігін жоққа шығармаймын, – деді Ресей басшысы.
Алайда қазіргі уақытқа дейін Киев бұл ұсынысқа қатысты ешқандай ресми пікір білдірген жоқ.
Еске сала кетейік, бұған дейін Украина мен Ресей арасындағы тікелей келіссөздер 2022 жылы дәл осы Ыстамбұлда өткен болатын. Бірақ кейін тараптар келісімге келе алмай, келіссөздер тоқтап қалған еді.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі