Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекРесей президенті Владимир Путин Украинадағы бейбіт реттеу жөніндегі келіссөздерге қатысу үшін Ыстамбұлға бармайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның аты келіссөздерге қатысатын ресейлік делегация тізімінде жоқ. Бұл тізімді Путиннің өзі бекіткен, ал ол туралы ақпарат Кремльдің сайтында сәрсенбі, 14 мамыр күні, кешке жарияланды. Сол күні кешке америкалық Sky News телеарнасы келіссөздерге АҚШ президенті Дональд Трамптың да бармайтынын хабарлады.
Ыстамбұлдағы келіссөздерде Ресей делегациясына Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский жетекшілік етеді. Делегация құрамында бір де бір министр жоқ – онда Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров та, қорғаныс министрі Андрей Белоусов та болмайды. Олардың орнына келіссөздерге Лавровтың орынбасары Михаил Галузин, Белоусовтың орынбасары Александр Фомин және Ресей Қарулы күштері бас штабының бас басқарма бастығы Игорь Костюков жіберіледі.
Украина президенті Владимир Зеленский Владимир Путинді тікелей келіссөздерге қатысуға шақырған болатын.
Біз Путинмен кездесудің өтуі үшін бар күшімізді саламыз. Бітім туралы шешімді сол ғана қабылдай алады, – деп мәлімдеді Украина көшбасшысы.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?