19.08.2025
09:08
586
Путин мен Зеленский алдағы екі аптада кездесуі мүмкін – Мерц

Путин мен Зеленский алдағы екі аптада кездесуі мүмкін – Мерц

Ресей мен Украина президенттері Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің кездесуі екі апта ішінде өтуі мүмкін. Бұл туралы Германия канцлері Фридрих Мерц мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Оның айтуынша, АҚШ президенті Дональд Трамптың Вашингтонда Еуропа жетекшілерімен және Зеленскиймен жүргізген келіссөздері барысында үзіліс жасалған.

Сол уақытта америкалық президент Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесіп, екі ел көшбасшыларының алдағы екі апта ішінде кездесуіне уағдаласты. Бұл кездесу өтетін орын әлі де келісілмек, - деді Германия канцлері Ақ үйдегі келіссөздерден кейін журналистерге.

Сонымен қатар, Мерцтің айтуынша, осыдан кейін Трамп Путин мен Зеленскийді үшжақты кездесуге шақырады.