Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путин мен АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп телефон арқылы сөйлескенін жоққа шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін The Washington Post басылымы Трамп өзінің Флоридадағы резиденциясынан Путинге хабарласып, Украинадағы қарулы қақтығыс туралы сөйлескенін жазған. Ал Песковтің сөзінше, бұл «ойдан құрастырылған әңгіме».
Ешкім ешкіммен сөйлескен жоқ. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, бұл ойдан шығарылған әңгіме, - деді Песков.