29.08.2025
07:09
703
Путин мен Ким Чен Ын Қытайдағы әскери парадқа қатысады

Путин мен Ким Чен Ын Қытайдағы әскери парадқа қатысады

Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын мен Ресей президенті Владимир Путин Қытайда келесі аптада өтетін ауқымды әскери парадқа қатысатын шетелдік жиырмадан астам көшбасшының қатарында болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

CNN деректеріне сүйенсек, бұл туралы 28 тамызда Қытайдың Сыртқы істер министрлігі мәлімдеген.

Парад 3 қыркүйекте Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңында өтеді және ол Жапонияның ресми түрде тізе бүгуімен аяқталған Екінші дүниежүзілік соғыстың 80 жылдығына арналған іс-шаралардың бір бөлігі.

Солтүстік Кореяның мемлекеттік ақпарат агенттігі KCNA Кимнің шеруге қатысатынын растады. Бұл сапар оның 2019 жылдан бергі Қытайға алғашқы сапары болуы мүмкін. 2011 жылы билікке келгеннен бері Ким барлығы 10 ғана шетелдік сапар жасаған. Ол соңғы рет 2023 жылы Ресейдің Қиыр Шығысындағы қашықтағы ғарыш айлағында Путинмен кездесуге барған еді.