Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Пари Сен-Жермен» футбол клубының акционері Нассер Әль-Хелайэифиді қабылдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде футбол клубтарын жекешелендіру және бәсекелес орта қалыптастыру шаралары жүргізіліп жатқанына назар аударды
Президент УЕФА Атқарушы комитетінің мүшесі және «Пари Сен-Жермен» клубының акционері ретінде футболды насихаттауға қосқан үлесі үшін Нассер Әл-Хелаифиге алғыс айтты.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қазақстанның Халықаралық падел федерациясымен ынтымақтастығын нығайту елімізде осы спорт түрін дамытуға әрі танымалдылығын арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйектегі жолдауында, еліміздің барлық футбол клубтарын жекешелендіру жайында тапсырма берген. Жарлық шыққалы қазірдің өзінде Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін 5 ұжым сенімгерлік бойынша жекешеленді.