ПСЖ Мбаппені трансферге қойды

23 Шілде 2023, 06:20 1012

ПСЖ шабуылшы Килиан Мбаппені трансферге қою туралы шешім қабылдады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі

Бұл туралы Twitter-де журналист Фабрицио Романо хабарлады. Жұма күні Париж клубы Жапонияда маусым алдындағы жиынға 24 жастағы французды алмағаны белгілі болды. 

ПСЖ басшылығы 15 шілдеге дейін форвардтан осы жазда кететіні не қалатыны туралы жауап ала алмаған, сондықтан ол келесі жазда "Реалға" тегін ауысу туралы испан клубымен ауызша келіскен деп санайды. 

Мбаппенің ПСЖ-мен қолданыстағы келісімшарты 2024 жылға дейін жарамды. 

Transfermarkt.com порталы ойыншының құнын 180 миллион еуроға бағалап отыр.

Берік Арманов
Бөлісу: