ПСЖ Мбаппеге құны 1 млрд еуро болатын келісімшарт ұсынды

21 Шілде 2023, 14:43 641

ПСЖ шабуылшы Килиан Мбаппеге жаңа ұзақ мерзімді келісімшарт ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Marca-ның хабарлауынша, париждіктер шабуылшыға құны 1 млрд еуро болатын 10 жылдық келісімшарт ұсынған.

Мбаппенің ПСЖ-мен қазіргі келісімі 2024 жылдың маусымына дейін есептелген. Мбаппенің клубтан еркін агент ретінде кетуі ПСЖ-да күрделі қаржылық мәселелер туындатуы мүмкін.

Бұған дейін Килиан клуб басшылығына командамен келісімшартты ұзартпайтынын мәлімдеген хат жіберді.

Мбаппеге басты үміткер – «Реал Мадрид» клубы.

Өткен маусымда ПСЖ-мен бірге Мбаппе Франция чемпионатында жеңіске жетіп, турнирдің үздік бомбардирі атанды (29 гол). Ол сондай-ақ 1-лиганың үздік ойыншысы атанды.

Ержан Ахметов
Бөлісу: