«Пржевальский жылқысы» атауы жаңа нұсқалармен толықты

21 Мамыр, 04:31 857

«Пржевальский жылқысы» атауы ежелгі қазақша «Керқұлан», «Кертағы» атауларымен толықтырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Еліміздің экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ұйымдастырған Қазақстандағы Прежевальский жылқысының тарихи атауы мәселесі бойынша конференцияға Зоология институты, Ш.Уалиханов атындағы Тарих және этнология институты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Қазақстандық биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы қатысты.

Жиналыстың қорытындысы бойынша «Пржевальский жылқысының» қазақ тіліндегі атауы «Керқұлан», үтір арқылы «Кертағы» деп аталып, тиісті құжаттарға өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданып отыр. 

Зарина Арман
Бөлісу: