Прокурорлар бұқаралық велошеруге қатысты

19 Тамыз 2023, 15:57 904

Бүгін Бас прокуратура қызметкерлері спорт күніне орай өткізілген велошеруге қатысты, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және қалалық Спорт басқармасының ұйымдастырумен өткізіліп отыр. 

Акция Қосшы қаласы бағытындағы айналма веложол учаскесінде таңғы жаттығудан басталды. Одан әрі қатысушылар елорданың жасыл белдеуінің аумағымен 25 шақырым қашықтықты еңсеріп, Үркер елді мекенінің маңында мәреге жетті.

Осы акция қатысушыларға оң әсер қалдырып, спорттық рухты нығайтуға және дайындық деңгейін көрсетуге жақсы мүмкіндік болды.

Мұндай іс-шаралар қызметкерлер арасында жаппай спортты насихаттауға, ұжымның бірлігін нығайтуға, оларды дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тартуға өз үлесін қосады.

Асқар Таудай
Бөлісу: