Прокурор Аймағанова Бишімбаев ісінен кейін өмірінің күрт өзгергенін айтты

Бүгiн, 12:00 231

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы болған Айжан Аймағанова өмірінің қалай өзгергенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

 Ол "Әйел әлемі" бағдарламасына берген сұхбатында дүкенге барудан да қалғанын жеткізді.

Мектептегі ата-аналар мені көріп, "Айжан ханым, сіз қарапайым адам екенсіз" дейді. Мен оларға "иә, мен де қарапайым ата-анамын" деп күліп жауап беремін. Қазір мен дүкенге де бармаймын. Нанға, сүтке бару керек болса, қыздарыма айтамын. Өйткені көрген адамдар суретке түсейік деп өтініш білдіреді. Мен жұлдыз емеспін ғой. Мен жай ғана прокурормын. Сондықтан бұл маған ыңғайсыз жағдай, - дейді ол. 

Сонымен қатар ол үйде қарапайым ана екенін, күнде таңертең балаларын мектепке таситынын айтты. Кейде жұмысының қауырттығынан үй шаруасына араласпай кететінін жеткізді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: