Прокуратура Күдебаев ісіне қатысты жаңа деректерді айтты

29 Сәуір 2023, 09:15 1274

Бас прокуратураның баспасөз қызметі 10 жылға бас бостандығынан айырылған Серік Күдебаевқа қатысты тың деректер жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Шабуыл белгілері болмаған жағдайда, төтенше жағдай кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің орнына, Серік Күдебаев жеке құрамға ғимараттан кетуге және үйлеріне тарауға заңсыз бұйрық беріп, қызметкерлердің райын қайтарған.

Жергілікті жердің коменданты ретінде жедел штабтың тиісті жұмысын және аймақтағы жағдайды тұрақтандыру бойынша уақтылы шаралар қабылдауды қамтамасыз етпеген.

Нәтижесінде Талдықорған қаласында хаос пен биліксіздікке жол берді. Тонаушылар сауда үйлері мен бизнес нысандарын тонады. Банкоматтар мен супермаркеттердің дүңгіршектерін қиратып, облыс әкімдігі, «Нұр Отан» партиясы ғимараттарына шабуыл жасап, өртеді.

Қылмыскерлер құқықтық тәртіп күштері болмаған кезде жазасыздық пен рұқсат етілгендікті сезініп, облыс Полиция департаменті мен Талдықорған қаласы Полиция басқармасының ғимараттарын басып алды, олардың 500-ге жуық қаруы мен 28 мыңнан астам оқ-дәрісін ұрлаған, олардың бір бөлігі әлі табылған жоқ.

Мемлекетке, азаматтарға және кәсіпкерлерге келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 5 миллиард теңгені құрады.

2022 жылғы 7-16 қаңтар аралығында оның үнсіз келісімімен Полиция департаментінің ғимаратында 23 азаматқа қатысты жаппай азаптау қолданылды.

Сонымен қатар, Серік Күдебаевтың көз алдында оның қарамағындағылар департамент аумағына жеткізілген адамдарды ұрып-соққандығы бейнекамераларға жазылған.

Психикалық және физикалық зорлық-зомбылықпен, сондай-ақ бу үтікті қолданумен қатар жүретін тыйым салынған тергеу әдістерінің нәтижесінде аталған азаматтардың денсаулығына әр түрлі дәрежедегі зиян келтірген.

EL.KZ
Бөлісу: