Президенттің Жетісу облысы жұртшылығымен кездесуі басталды

20 Қазан 2022, 10:01 1034

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысына жұмыс сапары басталды, деп хабарлайды El.kz

«Жетісу облысының стратегиялық мағынасы баршаға белгілі, тарихы да терең. Киелі топырақта Балпық би, Қабан жырау мен Молықбай қобызшы дүниеге келген. Ілияс Жансүгіров, Біләл Сүлеев, Мұхаметжан Тынышбаев сияқты ардақты азаматтарымыз өсіп-өнген. Сондай-ақ, қасиетті жерден Әбілхан Қастеев, Ғали Орманов, Мұқан Төлебаев, Әнуар Әлімжанов сынды төл мәдениетіміздің көрнекті өкілдері шыққан. Ел ішінде бұл аймақты «Жетісудың жеті кереметі», «Жер жаннаты Жетісу» деп бекер айтпаған», - деді Президент.

Бөлісу: