Мемлекет басшысының Түрікменстанға жұмыс сапары аяқталды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап El.kz интернет порталы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысу үшін Түрікменстанға барған болатын. Түрікменбашы әуежайынан Мемлекет басшысын Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды.
Әуежайда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов аз-кем әңгімелесті.
Бүгін, 5 тамызда Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысып, Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясында сөз сөйледі.
Мемлекет басшысы Түрікменстанға жұмыс сапары барысында Орталық Азия елдерінің көрме павильонын аралап көрді.