31.01.2023
15:55
1446
Президенттің төрағалығымен елорданы дамыту жөніндегі кеңес отырысы өтеді

Президенттің төрағалығымен елорданы дамыту жөніндегі кеңес отырысы өтеді

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Жиынға Президент Әкімшілігінің басшылығы, Үкімет мүшелері және орталық мемлекеттік органдардың жетекшілері қатысады. Кеңес отырысында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Премьер-Министрдің орынбасарлары Роман Скляр мен Алтай Көлгінов баяндама жасайды.