Президенттің Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапары аяқталды

Президенттің Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапары аяқталды

Мемлекет басшысының Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапары аяқталды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Әлия патшайым атындағы халықаралық әуежайдан Қасым-Жомарт Тоқаевты ханзада Әли бен әл-Хусейн құрметпен шығарып салды.

Еске салақ, ел Президенті кеше 18 ақпанда Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барды. Әл-Хусейния сарайында Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен келген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Бүгін 19 ақпанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейнмен келіссөз жүргізді. Келіссөздер аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иордан Хашимит Корольдігінің королі II Абдалла бен әл-Хусейн бірлескен мәлімдеме қабылдады.