05.01.2023
11:22
1628

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.