11.10.2022
20:43
1713
Президенттікке үміткер үшінші әйел құжат тапсырды

Президенттікке үміткер үшінші әйел құжат тапсырды

Орталық сайлау комиссиясының жұмысы кеш түсе қыза түсті. Комиссия орталығында Президенттікке үміткер үшінші әйел кандидат құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды El.kz.

 Үміткердің есімі – Фатима Бизақова. Тараз қаласының тумасы. Жеке кәсіпкер. 

Кандидаттыққа «Тәжірибелі Психология» республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан ұсынылып отыр. Жеке кәсіпкердің негізгі мақсаты – елге біліктілігі мен білімін қолдана отырып үлес қосу. 

«Тәуелсіздік алған уақытта неге өзіміздің елімізге деген бір үлесімізді қоспасқа. Жеке кәсіпте болған адам көбірек халықтың мұң-мұқтажын біледі. Қиындықтың бәрін көрдік. Оның шешу жолдарын білеміз. Сондықтан да, еліміздің саяси додасына кез келген адам қоғамдық бірлестіктердің атынан қатыса алады. Қоғамдағы ең басты мәселем – халықты кедейліктен алып шығу», - деді.

 Комиссия мүшелері үміткердің құжаттарын қабылдап алды. Заңға сәйкестігі екі күннің бірінде айтылатын болды.