Президенттікке үміткер Салтанат Тұрсынбекова Орталық сайлау комиссиясында құжат тапсырды

11 Қазан 2022, 16:15 2124

Комиссия мүшелері құжатты тексеріп, бірауыздан қолдады

Президенттікке үміткер Салтанат Тұрсынбекова Орталық сайлау комиссиясында құжат тапсырды, деп хабарлайды  El.kz

Комиссия мүшелері құжатты тексеріп, бірауыздан қолдады. Комиссия мүшелерінің айтуынша, барлық құжаттың түп нұсқасы толық қамтылған.

Еске сала кетсек, бүгін белгілі болғандай Салтанат Тұрсынбекова «Қазақ аналары – дәстүрге жол» РҚБ атынан президенттікке өз кандидатын ұсынды. 

Салтанат Тұрсынбекова – қоғам қайраткері, құқық қорғаушы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі.

Миражан Махан
Бөлісу: