13.10.2022
11:59
2804
Президенттікке үміткер Фатима Бизақованың кандидатурасы талаптарға сай келмейді

Президенттікке үміткер Фатима Бизақованың кандидатурасы талаптарға сай келмейді

ОСК Фатима Бизақованы Президенттікке үміткер ретінде қабылдаудан бас тартты, деп хабарлайды El.kz.

Фатима Бизақова «Практикалық психология» республикалық қоғамдық бірлестігінен ҚР Президенттікке үміткер ретінде ұсынылды. 11 қазан күні Орталық сайлау комиссиясына өз құжаттарын өткізді.
Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, ҚР Президенттігіне үміткер Фатима Бизақова ҚР Конституциясына және ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңындағы талаптарға сәйкес емес. Осыған байланысты арнайы хаттамаға қол қойылды.