Президенттікке кандидат Мейрам Зекешұлы Қажыкеннің ҚР Конституциясында және Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы ҚР Конституциялық Заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы хаттамаға қол қойылды. Осылайша Орталық сайлау комиссиясы республика президенттігіне кандидат Мейрам Зекшұлы Қажыкеннің Конституцияда және Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы ҚР Конституциялық Заңында оған қойылатын талаптарға сәйкес екендігін анықтады, - деп мәлімдеді ОСК төрағасы Әбдіров.