Президенттік сайлауға Жас сайлаушылар клубы атсалысады

27 Қазан 2022, 16:13 2061

ОСК төрағасы жастармен кездесу өткізді

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына жастар да атсалысады, деп хабарлайды El.kz.

ОСК-да Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Жас сайлаушылар клубының отырысы өтті. Кездесуде ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров жастарға еркіндік беріп, өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын айтуына мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, төраға Президенттік сайлауға нақты алты кандидат тіркеуден өткенін мәлімдеді. Және ТМД байқаушыларының саяси додаға бақылаушы ретінде қатысатынын жастарға хабардар етті.

Бұдан бөлек, халық қалаулысы сайлаудың қолжетімділігін дамыту мақсатында ОСК тобының жұмысымен таныстырып және 13 қарашаға дейін еліміздің 20 өңірін аралап шығуды жоспарлап отырғанын тілге тиек етті. Жастардың сайлауда қызығушылығын арттыру мақсат екендігін айтты. Ұлттық пікірсайыс федерациясының президенті Болат Бұқарбай Жастар сайлауға көптеп қатысу керек деп санайды.

«Біздің пікірсайыс клубы осы бағытты дамытам деген жастардың қолдауымен құрылды. Жас сайлаушылар сайлаудың маңыздылығын түсіну керек. Біздің клуб бұрын да сенімді өкіл ретінде Президенттік сайлауға атсалысты. Осы бағытта міндетті түрде әрқашан көмектесуге және қоғамдық пікірге дайынбыз. Біз жастар елімізде қоғамдық пікірсайыстың дамуын қалаймыз. Бүгінде оның форматтары шоуға айналып барады. Алайда, саяси пікірсайыстың неден шыққанын ұмытпауымыз қажет. Құқықтық форматы бар, әділ, саяси шоусыз объективті пікірсайыс өткізу қажет деп санаймын», - дейді Ұлттық пікірсайыс федерациясының Президенті Болат Бұқарбай.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: