Президентті ұлықтау рәсіміне бюджеттен қаржы бөлінген жоқ

22 Қараша 2022, 11:57 1238

Бұл туралы Қаржы министрі айтты

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Президентті ұлықтау рәсіміне бюджет қаражатын бөлу туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Президентті ұлықтауға бюджеттен қосымша қаражат бөлген жоқпыз. Өздеріңіз білетіндей, ұлықтау – Президенттің ресми түрде Конституциялық заң бойынша лауазымға өтуіне байланысты ант беруі. Оған көп қаражат кетеді деп ойлаймын. Сондықтан, оған біздің тарапымыздан көп қаражат бөлінбейді», - деді Ерұлан Жамаубаев.

EL.KZ
Бөлісу: