Президентті бір мерзімге сайлау – демократияға қарай жасалған батыл қадам – депутат

16 Қыркүйек 2022, 12:50 2023

Мәжіліс депутаты ел тізгінін ұстар ұстанымы берік жастар саясат аренасына шығады деп есептейді

 Мемлекеттік құрылымдағы реформалар жаңа өзгеріс түрінде жүреді. Президент өкілеттігін бір мерзімге ғана сайлау туралы Парламент отырысында заң қабылдады, деп хабарлайды El.kz.

 Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан бұл ұсынысты дұрыс әрі әділ шешім деп есептейді. Мемлекет басшысының сайлауы жайлы қоғамда көптеген пікірлер бар. Бұл өзгерістер таяу күнде жүзеге асырылмайды деген сөздер де пайда болғанын білеміз дейді. 

«Мемлекеттік құрылымдағы реформалар жаңа өзгеріс түрінде жүреді. Президент өкілеттілігінің 10 жылдан 7 жылға дейін қысқаруы әділ шешім деп санаймын. Бұл норма ел тізгінін ұстар жаңа саясаткерлер мен жаңа саяси лидерлердің келуіне ықпал етеді», - деді.

Сондай-ақ мәжіліс депутаты ел тізгінін ұстар ұстанымы берік жастар саясат аренасына шығады деп есептейді.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: