20.07.2022
22:35
2229
Президенттер «Дордой Номад» мәдени орталығына барды

Президенттер «Дордой Номад» мәдени орталығына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров және Шавкат Мирзиёев «Дордой Номад» мәдени орталығына барды, деп хабарлайды EL.KZ. 

Бұл туралы Борт1 телеграм арнасы хабарлады.

Мемлекеттер басшылары арнайы ұйымдастырылған көшпенділер ойындарын тамашалады. 

Шабандоздар ат үстінде өнерлерін көрсетті және басқа да көріністер қойды. 

Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан президенттері «Қолөнершілер аллеясының» жұмысымен танысты. 

Онда жергілікті шеберлердің жасаған бұйымдары көрсетілді.