Президент шешімінің ешқандай саяси астары жоқ – Руслан Желдібай

7 Шілде 2022, 22:19 1645

Оның мәліметінше, Ресей біздің стратегиялық серіктесіміз әрі одақтасымыз болып қала береді.

Бүгін Мемлекет басшысы еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту жөнінде кеңес өткізді. Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында осыған байланысты журналистер тарапынан сұрақтар түсіп жатқанын жазды, деп хабарлайды El.kz порталы.

– Бұл жерде, ең алдымен, геосаяси тұрақсыздық жағдайында Қазақстан көмірсутегін халықаралық нарықтарға жеткізу бағыттарын әртараптандыру туралы сөз болып отыр. Жиында жаңа көлік дәліздерін ашу мәселесі талқыланды. Бұл - бір күндік жұмыс емес, ұзақ мерзімді жоспар. Шын мәнінде, қабылданған шешімдердің ешқандай саяси астары жоқ, – деді Руслан Желдібай жазбасында.

Оның мәліметінше, Ресей біздің стратегиялық серіктесіміз әрі одақтасымыз болып қала береді.

«Оның мүддесіне нұқсан келтіретін қандай да бір іс-әрекеттерге жол берілмейді. Қазақстан тарапына қатысты да осындай әрекеттер жасалмайды деп үміттенеміз», деп жазды баспасөз хатшысы.

Бөлісу: