Президент мемлекеттік қызметшілерді құттықтады

23 Маусым 2022, 10:20 2667

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерге сенім білдірді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді бүгінгі мерекемен құттықтады, деп хабарлайды El.kz

«Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! 2003 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы мемлекеттік қызметші күнін белгілеу туралы шешім қабылдады.Сіздерге Жаңа Қазақстан құру ісінде ерекше міндет жүктеледі. Қызметтегі негізгі қағидаттарыңыз – адалдық, кәсібилік, құзыреттілік, ашықтық болуға тиіс. Мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Ел үмітін толық ақтайсыздар деп сенемін», - деп жазды Президент Twitter парақшасында.


Бөлісу: