"Жасыл даму" АҚ (ҚР ЭГТРМ) Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен, Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен және "Бәйтерек "Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-мен бірлесіп ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жеңілдікті несие беру мәселесін пысықтауға кірісті - делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін жеңілдетілген несие беру тетігін енгізуді тапсырған болатын.