Президент «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясына қатысты

21 Наурыз 2023, 15:00 971

Президент мерекелік іс-шарада «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Акцияның мақсаты – наурыз айы бойына халықтың әлеуметтік осал топтарына қамқорлық көрсетіп, көпбалалы отбасылардан, мүмкіндігі шектеулі жандардан, зейнеткерлерден келіп түскен хаттарда жазылған өтініш-тілектерді орындау.

Еріктілер Мемлекет басшысынан сандықтан алғашқы хатты алып оқуды сұрады.

Қасым-Жомарт Тоқаев хатты оқып, оның иесінің тілегі орындалатынын жеткізді. Сонымен қатар Президент осынау игі істі бастаған жастарға ризашылығын білдірді.

EL.KZ
Бөлісу: