21.12.2022
18:46
1715
Президент «Янги Узбекистон» саябағындағы монументке гүл шоғын қойды

Президент «Янги Узбекистон» саябағындағы монументке гүл шоғын қойды

Президент Ташкент қаласының «Янги Узбекистон» саябағындағы «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Монумент былтыр осы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай орнатылған. Ескерткіште өзбек халқының тарихындағы ең маңызды оқиғалар мен белгілі мемлекет қайраткерлерінің, қолбасшылары мен ғалымдарының бейнелері кескінделген.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды.