Президент үстел теннисінен Азия чемпионатының финалдық ойындарын тамашалады

13 Қазан, 19:26 462

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласында өткен үстел теннисінен Азия чемпионатының жекелей және жұптық сындардағы финалдық ойындарын көрді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған біріншілікке 26 елдің 210 спортшысы қатысты. Олардың қатарында Олимпиада және әлем чемпиондары да бар.

Айта кетсек, бүгін Астанада үстел теннисінен Азия чемпионатында ерлер арасындағы командалық бәсеке өз мәресіне жетті.

 

Перизат Саденова
Бөлісу: