Президент: Ұстаздардың беделін, қоғамдағы мәртебесін көтереміз

6 Қазан, 10:22 501

БАҚ өкілдері референдумда дауыс беруге келген Қасым-Жомарт Тоқаевтан халықаралық додаларда жеңіске жеткен жастарды үнемі қолдап жүретінін атап өтіп, оның мәнін сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәні терең. Себебі мен жастарды қолдаймын. Мұны үнемі айтып келемін. Мемлекетіміздің келешегі – жастардың қолында. Ол жай ұран емес. Бұл – біздің басты саясатымыз. Сондықтан келешекте де біз жастарды қолдаймыз. Оларға жәрдем береміз. Әсіресе, дарынды жастарды қолдауымыз керек. Кеше ғана мұғалімдерге, ұстаздарға марапат табыстадым. Өз сөзімде мұғалімдер бұл қоғамымыздың озық тұлғалары екенін айттым. Олар дарынды жастарға білім беріп жатыр. Сондықтан жастарды да, оларды оқытып жатқан мұғалімдерді де мемлекет қолдайды. Сонымен қатар мен кеше ғана ұстаздар қоғамымыздың басты кейіпкері болуы керек екенін айттым. Сондықтан оларға жәрдем беріп, ұстаздардың беделін, қоғамдағы мәртебесін көтереміз, – деді президент.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: