07.12.2022
16:14
1538
Президент тексерулерге мораторий енгізу туралы жарлыққа қол қойды

Президент тексерулерге мораторий енгізу туралы жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге қатысты мораторий 2024 жылға дейін ұзарды.