Президент сұхбатында қандай өзекті мәселе қозғалды? Сарапшылар пікір білдірді

3 Қаңтар, 16:15 1034

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері Президент сұхбатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ләззат Сүлеймен, Сенат депутаты:

Бұл сұқбатта Президент ел дамуының қазіргі жағдайын кең ауқымда түсіндіру үшін Қазақстанның әр азаматымен әңгіме құрып отыр, деп ойлаймын. 
Мақсат ағымдағы бағытты нақты істер дәлелімен түсіндіру, оған әр адамның назарын аударту, әрқайсымызды озық ойлауға шақыру. 
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірдің негізгі аспектілеріндегі алдыға жасалған қадамдарды және қойылып отырған мақсаттарды анықтап айтып отыр. Бір күндік емес, алыстағы белестерге жетудің жоспарларын, ол үшін оқу, даму арқылы озық ойлы болуға шақырып отыр.
Қандай қорытындылар туралы айтар едім:
1. Саяси реформалар жөнінде. президент Қасым-Жомарт .Тоқаев жаңа демократиялық бағытта қабылданып отырған саяси реформаларға тоқталу арқылы, авторитаризмнен ашық қоғамға, демократиялық басқаруға өту мақсатында әр азаматтың пікірі, саяси қатысуы және хабардарлығы, мемлекеттік органдардың ашықтығы принциптерін  іске асырудың негізгі элементтеріне айналу процессінің қарқынды жүргізіліп жатқанын айтты. 

2. Экономикалық бастамалар.
Президент инновациялар мен технологияларға негізделген бәсекеге қабілетті экономика құру қажеттігін айтып отыр. 
Жеке сектор мен шағын және орта бизнесті күшейтуге бағытталған экономикалық бастамалар 
жаңа жұмыс орындарын құру және халықтың әл ауқатын арттырудың негізі болып табылады. Бұл тенденцияны түсінуге, іске асыруға қабілетті  азаматтарымыз елдің экономикалық жандануына өз үлесін қосады. 

3. Әлеуметтік мәселелер.
Бұл мәселелерге назар аудара отырып, Президент білім беру мен денсаулық сақтау салаларының дені сау , білімді ұлттың негізі екендігіне көңіл бөледі. Әлеуметтік кодекстің қабылдануы әділ әлеуметтік саясат қалыптастыруға ұмтылу, қоғамның барлық топтары үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді көрсетеді. 
Президент осы бастамаларды қолдау мен күнделікті өмірде іске асырудағы азаматтардың өз рөлдерін білуі, 
әлеуметтік бағдарламаларды талқылауға және іске асыруға қатысуы қажеттілігіне тоқталды. 

4. Сыртқы саясат.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық серіктестіктің және көпвекторлы сыртқы саясаттың маңыздылығын атап өтті. Бұл тек халықаралық ынтымақтастыққа ықпал етпейді, Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Азаматтар  тиімді сыртқы саясаттың өз өмірлеріне ықпалын түсінуге және елдің халықаралық абыройын көтеруге өз үлестерін қосуы керек.

5. Қаңтар қасіреті.
Бұл қордаланып шешілмей қалған әлеуметтік және экономикалық мәселелердің нәтижесі екенін атап өтті.
Ел қабырғасын қайыстырған осы қасірет мемлекеттің ішіндегі сын-қатерлерге мұқият назар аудару және 
билік пен азаматтар арасындағы сындарлы  диалогтың маңыздылығын, "халық үніне құлақ асатын мемлекет" концепциясын орындаудың міндеттілігін алға тартып отыр.
Қаңтар қасіреті ішкі мәселелерді талқылау және шешу үшін халықтың өз мүдделерінің шешілуінде неғұрлым белсенді болуына, жергілікті проблемаларды саяси экономикалық күн тәртібіне уақтылы да, тиімді қоюына түрткі болуы тиіс, екендігін айтты.

6. Мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері.
Президент бұл принциптердің заңдылық пен әділеттілік болуы тиіс екенін тағы да атап өтті. Бұл орайда, ол
азаматтарды жауапкершіліктің және ел өміріне қатысудың жаңа деңгейіне көтерілуге шақырды.
Әрбір азаматтың тек қана 
заңдар мен ережелерді біліп қана емес, саяси-экономикалық процесстердің белсенді қатысушысы ретінде сезінуінің маңыздылығын атап өтті. Бұл міндеттер  Қазақстанның тұрақты дамуы мен гүлденуіне негіз болмақ.

Қазақстан президентінің бұл сұхбаты құнды, елдегі ағымдағы және болашақтағы өзгерістерді түсіну үшін өте маңызды контекст. 
Әрбір азамат даму процестеріндегі өз рөлін білуі керек және
өз қоғамын дамытуға және нығайтуға белсенді қатысуы қажет.  Бұл міндеттерді орындау елдің бүгіні мен болашағының күшті, әділетті, бақуатты болуының кепілі.


Ләззат Қожахмет, комиссия мүшесі:

Бүгін жарыққа шыққан сұхбатта Президент Қаңтар оқиғасына осындай баға берді. Тоқаев сұхбатында президент ретінде ғана емес, жеке адам ретіндегі көзқарасын да бөлісіпті. 

Жаңа жылдан кейін қалың тұманға батырған Қаңтар оқиғасы қорқынышты түс секілді, әлі ұмытылған жоқ.  Оның жаңғырығы санада. Сол күндері біз теледидардан сағат сайын президенттің сөзін күтіп, еліміздің аман болуын тіледік. 

Жаңа жылға елдігіміздің бүтін, іргеміздің берік болып жеткенін біліп ояну бақыт екенін түйсіндік.  

Президент жаңа жылда тілек айтумен шектелмей, елмен бірге екендігін, өткен жылға есеп беріп, жаңа жылда не күтіп тұрғанын айтуы мына алмағайып заманда біз үшін өте қажет. 

Тоқаев президенттікке келгенде ескі жүйе күшінде еді. Билік қашанда бірінші басшыға тек өздеріне қолайлы ақпаратты жеткізетін. Парламент “азусыз” болды. 

Ескі жүйені бұзуға Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі үлкен роль атқарды. Ұлттық кеңес мүшелері Президентке халықтың үнін тұңғыш рет бетпе бет айтты. Талай реформа Ұлттық кеңес алаңындағы талқылаулардан кейін жүзеге асты. 

Ұлттық кеңес бүгінде Ұлттық құрылтайға айналып, халықтың үнін жеткізетін алаң қалпында орнықты. Президентке министрлер мен әкімдер ғана емес, ұлт жанашырлары да ел жағдайын тікелей жеткізуде. Ұлттық құрылтай - Президент жолға қойған ұтымды саяси қадам болды. 

Күн сайын бірін бірі жұтып, жойып жібергелі жатқан айдаһар ғасырда Қазақ елі аман қалсын десек, әр азамат осы бейбіт күнді бағалап, әр адам ел игілігі үшін қызмет етуі тиіс. Ол мейлі Президент болсын, ол мейлі жұмыскер болсын. Әр адам өз міндетіне адал болғанда ғана қоғам өзгереді. 

Тоқаев аз уақытта - әр сөзіне есеп беретін, халқын тонамайтын, қақтығыстардан қорғап, сын сағатта елмен бірге қалатындығын дәлелдеді.

Президенттің сұхбаты - біздің жүйенің халыққа бетбұрысы.


Лаура Қарабасова, комиссия мүшесі: 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  сұхбатында қоғамды толғандыратын өзекті сұрақтар талқыланған. 

Әсіресе, озбырлық пен зорлық-зомбылықтың кез келген түріне мүлдем төзбеушілік және заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселелерінде Президент өзінің принципиалды позициясын білдіріп, идеологиялық жұмыстың маңызын атап өтті

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: