Президент шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті

17 Қаңтар 2023, 19:42 922

Мемлекет басшысы шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Президент Абу Даби әмірлігінің билік басындағы әулетінің аға өкілі, БАӘ-нің ірі кәсіпкерлерінің бірі, «First Abu Dhabi Bank» акционері Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесу өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанның аймақтағы басты экономикалық және сауда серіктесі екенін, БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен бүгінгі келіссөз барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөнінде уағдаластыққа келгенін, сондай-ақ маңызды келісімдерге қол қойғанын жеткізді. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан мен БАӘ үкіметтері қабылдаған Стратегиялық инвестициялық жобалар жасау туралы бірлескен декларация екіжақты серіктестікті нығайтуға тың серпін береді.

Президент инвестициялық іс-әрекеттің басымдығына назар аударып, қабылданған Декларация аясында шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянның компаниялар тобын бірқатар жобаны жүзеге асыруға шақырды. Өз кезегінде Абу Даби әмірлігінің билік басындағы әулетінің аға өкілі Қазақстандағы жобаларға инвестиция құю жөніндегі жоспарын айтты.

EL.KZ
Бөлісу: