Президент сайлауы. Студенттер пікір алмасты

13 Қазан 2022, 07:39 3357

Аталған ұйымның басты мақсаты сайлау процесінің заңды өтуін қадағалап жалпақ жұртқа құқықтық кеңес беру. 

«Қазақстан заңгерлер одағы» жанынан құрылған «Әділ сайлау үшін» штабының жұмысы қарқын алды, деп хабарлайды EL.KZ Хабар-24 арнасына сілтеме жасап.

Аталған ұйымның басты мақсаты сайлау процесінің заңды өтуін қадағалап жалпақ жұртқа құқықтық кеңес беру. 

Бүгін  штаб  өкілдері  Өскемендегі Қазақстан Американдық Еркін университетінің студенттерімен онлайн кездесу өткізді. Семинарда жастар сайлау барысы жайлы пікір алмасуға мүмкіндік алды.

Алдағы саяси науқанның ерекшеліктері қандай?  Сайлауға кімдер қатыса алады?  Сайлау талаптары бұзылған жағдайда не істеу керек? Бүгін Өскемендегі Қазақстан  Американдық Еркін Университетінің студенттері  «Әділ сайлау үшін» штаб мүшелерімен  онлайн жүздесті. Семинардың бұл оқу орнында өткізілуі де тегін емес.Өйткені мұндағы педагогтар осы штаб құрамына еніп, заңгерлік кеңес беруді бастап кеткен. 

Қазір заңгерлер үшін өте жауапты кезең деп айтар едім. Біз өз азаматтық позициямызды көрсетуіміз керек. Президент сайлауындағы заңдылықтарды,өзгерістерді жете насихаттауымыз керек - дейді ҚАЕУ факультет деканы, "Әділ сайлау үшін" штабының мүшесі Галина Мензюк.

Студенттерді толғандырған әр сұраққа Ермек Абдурасулов,  Серік Беркамалов сынды мықты заңгерлер ыждаһатпен жауап қайтарып  шықты.

Университеттегі жастар қоғамдағы өзгерістерге бей-жай қарамайды. Сондықтан  олардың сайлауға еш кедергісіз қатысу үшін барлық сұрақтар қарастырылған.  

Біздің университетте көптеген басқа қаладан ,ауылдан келіп жатақханада тұрып жатқан студенттер бар, оларда  қалада сайлауға қатысуға мүмкіндік жасау үшін жатақханада тіркеу жұмыстарын да жүргізіп жатырмыз. Сол себепті университет студенттері барлығы өз дауысын береді деп сенемін - дейді ҚАЕУ бірінші вице-президенті Жасұлан Байкенов. 

Семинарда сайлау туралы сауаттылықтарын арттырған студенттер бұдан былай саяси науқанның өз деңгейінде өтуі үшін атсалысады. Олар кәсіби заңгерлермен бірлесіп, ерікті ретінде түрлі ұжымдарға кеңес береді.

EL.KZ
Бөлісу: