Мемлекет басшысына Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 5 жасар қыз баланың өлтірілгені жөніндегі қайғылы оқиға туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Құқық қорғау органдары істі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті анықталды.
Қолда бар ақпарат бойынша, күдікті бұған дейін кісі өлтіргені үшін сотталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Биыл оған адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылға бас бостандығын шектеу жөнінде үкім шығарылған.
Президент Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне болған қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды. Мемлекет басшысы биыл шығарылған сот үкімінің заңдылығын қарастыру және адамға қатысты аса қауіпті қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту маңызды деп санайды. Баланың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз, - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз:
Айта кетейік, Түркістан облысы Жібек жолы ауылында 5 жасар қызының жоғалғаны туралы Сарыағаш аудандық полиция бөліміне анасы хабарлаған. едел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарының бірінің үйінен дене жарақаты бар қыздың денесін тапты.