Президент Республика күніне арналған салтанатты концертті тамашалады

24 Қазан 2023, 19:01 1011

Мемлекет басшысы Республика күніне арналған салтанатты концертке барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты концертті тамашалады. Мерекелік шара «Астана Опера» театрында өтті.

Концертте Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Майра Мұхамедқызы, Айгүл Үлкенбаева, Димаш Құдайберген және басқа да белгілі мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ хореографиялық топтар мен симфониялық оркестр өнер көрсетті.

Берік Арманов
Бөлісу: