Президент Қазақстан тарапы Мәскеудегі лаңкестік оқиғаны қатаң айыптайтынын мәлімдеді

23 Наурыз, 00:35 852

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Мәскеудегі бейбіт азаматтарға қарсы террористік актіні қатаң айыптайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы терроризмді мүлде  ақтауға болмайды деп санайды. Ол БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді жазықсыз азаматтарға қарсы зорлық-зомбылықтың бұл түріне бірауыздан қарсылық танытуға шақырды.

Президенттің тапсырмасы бойынша, қажет болған жағдайда, Қазақстанның құқық қорғау органдары ресейлік әріптестеріне көмек көрсетеді. Сонымен қатар Қазақстан Президенті лаңкестік әрекет кезінде азаматтардың қаза табуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты, - деп жазылған Ақорда таратқан ресми ақпаратта. 

Зарина Арман
Бөлісу: